
Ұшқан құстың қанаты талатын, жүйрік тұлпардың тұяғы тозатын, ұшы қиыры көрінбейтін кең даламыздың оңтүстігінде орналасқан Тасқұдық елді мекені сонау 1955 жылы Тың көтеру
мақсатында Украинадан 15 отбасы және тағы да 10 шақты қазақ отбасы көшіп келгенде құрылған. Алыстан мен мұндалап көрінетін ақшаңқаң үйлер жақсылықтың жаршысындай қаз-қатар тізіліп, алыс- жақыннан келгендерге жаңа қоныс болды. Алғашқы көшіп келгендер үшін салынған ауылда мектеп, дүкен,монша, ауыз су жүйесі құрылған еді.
Енді,осы жасындағы елді мекенде 25 отбасының мектеп балалары үшін Бастауыш мектеп ашылып,дәл осы 1955 жылы тұңғыш рет барлығы қазақ-орысы, украины бар 12 оқушы мектеп табалдырығын аттайды. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген халқымыз. Ұстазсыз адам болмайды.
Бәріміз де кезінде мұғалімнің тәлімін алып, білімін үйрендік» деп президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, осы мектепке еңбегі сіңген мектеп мұғалімдері мен мектеп басшыларын еске
түсірсек, қаншама ел азаматтары білім ордасында шәкірттерін білім нәрімен сусындатқанына куә боламыз. Әр адамның жүріп өткен жолында із қалады демекші, білім ордасында өз қолтаңбасын
қалдырған ардагер ұстаздардың орны бөлек, өз алдына жеке тарих.
1955 жылы жаңадан ашылған Бастауыш мектепке мектеп меңгерушісі және алғашқы мұғалімі Байжұманов Құдияр деген азамат бекітіліп, тұңғыш шәкірттерінің қолына қалам ұстатып,
әріп үйреткен. Бұл азамат 1958 жылға дейін Бастауыш мектепке басшылық жасады. 1955-1958 жылдары оқушы саны 30-ге жеткен. 1958 жылы Бастауыш мектеп қазақтың Батыр қызы Әлия
Молдағұлова есімімен аталып, сегіз жылдық орта мектеп болып өзгерген. 1959-1969 жылдары Әлия Молдағұлова атындағы сегіз жылдық орта мектепте осы елдің тумасы Мәуленов Шанан атамыз мектеп директоры болса, 1969-1977 жылдары Садырбаев Әшір атамыз мектепке басшылық жасаған. Мектепте оқушы саны 100-ге, мұғалімдер саны 10-ға жетті.
1978 жылы Әлия Молдағұлова атындағы сегізжылдық мектеп Әлімтау совхозы құрылған соң, Әлімтау ауыл орталығына көшіп,Тасқұдықта орналасқан мектеп №65 Әл Фараби есімімен аталады.
1978-1984 жылдары Шымкенттегі Педагогикалық Институтын қазақ тілі мен әдебиеті мамандығымен бітірген осы мектепте білім алған, осы елдің азаматы Асқаров Жүсіп ағай мектеп директоры қызметін абыроймен атқарады. Мектепте оқушы саны 100 ден асып, ауданнан шалғай жатқан шағын ауылдағы сегізжылдық мектепте маман жетіспеушілігіне байланысты жоғары оқу орнынбітірген бірнеше жас маман еңбек жолдарын осы жерден бастаған.
1984-1987 жылдары Әл Фараби атындағы орта мектепте Сарыағаш ауданы Жібек Жолы ауылдық округі Жаңа құрылыс ауылының тумасы, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
мамандығын игерген азамат Әжібеков Жұмабек осы мектепке басшылық жасап, ауыл балаларының жан-жақты дамуына ықпал жасауда еңбек сіңіріп, мектептегі үздік оқитын оқушыларды ауданда ұйымдастырылған іс-шараларға қатыстырып, оқушылар
әрдайым өздерінің білімдерін көрсетіп, марапатталып отырды.
Мыс; «Тайқазан» байқауында мектебіміздің оқушылары өздерінің 10 білімдерін көрсете алған.
1987-1989 жылдары Сарыағаш ауданы Жібек Жолы ауылдық округі Жаңа құрылыс ауылының тумасы математика пәнінің маманы Әбішев Ержан мектеп директоры қызметін атқарды. Ол қ ы з м е т ат қ а р ғ а н жылдары оқушы саны 110-ға жетті.
1989-2001 жылдары мектеп директоры қызметін осы елдің тумасытарихшы Қонысбаев Есбол атқарып, өзінің қарапайымдылығымен көпшіліктің көңілінен шығып, жастардың бойына патриоттық сезімді қалыптастыру мақсатымен, Отанға, туған жерге деген
с ү й і с п е н ш і л і г і н с і ң і р і уд е ө з ұ с т а н ы м ы м е н е ң б е к е т т і .
2001-2004 жылдары мектепке басшы болған Алданов Тәжібай 1960 жылы 27 сәуірде Сарыағаш ауданы Дарбаза ауыл әкімшілігінде дүниеге келген. 1967- 1977 жылдарда Әлия Молдағұлова мектебін бітіріп, осы мектепте Бастауыш сынып мұғалімі болып еңбек жолын бастаған.1982 -1989 жылдары Ташкент қаласындағы Низами атындағы Пединститутта география мамандығы бойынша жоғары білім алған. 2005 жылы «Ұлағатты ұстаз» медалімен, аудандық кәсіподақ кеңесінен «Алғыс хаттар» мен «Құрмет грамотасымен»
марапатталған.
2004-2008 жылдары мектеп директоры болған Мұрат Қожабеков Әнапияұлы осы елдің тумасы. Сол кездерде жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықты ұлттық ойындар арқылы сіңіруді мақсат етті. Аудандық кәсіподақ кеңесінен «Алғыс хаттармен» марапатталған.
2008-2018 жылдары мектеп директоры болған, 1965 жылы ақпанның 12 жұлдызында Өзбекстан Республикасы Сырдария облысы Киров ауданы Бозай ауылында дүниеге келген Сопибекова Оразкүл Ильич мектебінде 1971-1981 жылдары орта білім алып, 1986 жылы Жетісай Педучилищесінің Бастауыш сынып мұғалімі мамандығымен арнаулы орта білім, Шымкент қаласындағы Ашық Университетінде жоғары білім алған. 1986 жылы Тасқұдық ауылындағы Әл Фараби атындағы орта мектепте еңбек жолын бастаған. Ол жастарға Салауатты Өмір салтын насихаттап, сол кездегі жас маман Жарқынбеков Ермаханның жастарды қазақ күресіне баулып, күрес техникаларын үйретуде, олардың әрбір қатысқан жарыстарынан жүлделі орындармен оралуына қолдау көрсетіп отырды. АББ-нен және Аудандық Кәсіподақ Кеңесінен «Алғыс хаттар» мен «Мақтау қағаздарымен» марапатталған.
2019 жылы Абай ауылынан осы шалғайдағы мектепке басшы болып келген 1970 жылы 7 ақпанда дүниеге келген Тажибаева Гүлжаухар 2006 жылдан Абай ауылындағы №140 мектепте ағылшын тілі пәні мұғалімі болып еңбек жолын бастаған.
2019 жылы Әл Фараби атындағы шағын жинақты негізгі орта білім беретін білім ұясында өткен «Ұлы Абай әлеміне саяхат» тақырыбындағы аудандық семинарда өз тәжірибелерімен бөліскен педагогтар Ғ.Ермекбаева, Ж.Мансурбаева, А.Кожабекова, Е.Жарқынбеков аудандық білім бөлімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.
Осы оқу жылында Ұстаздар мерекесіне орай зерттеуші педагог Ж.Мансурбаева мен Т.Алданов Құрмет қағазы және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
2022 жылы география пәні мұғалімі, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін 5 жыл атқарған Е.Куранов № 43 Әл Фараби атындағы шағын жинақты негізгі орта мектебіне мектеп директоры болып тағайындалды.
2023-2024 оқу жылында өтілген «Шағын жинақты мектептермен серіктестік аясында білім сапасын арттырудың проблемалары мен жаңашыл әдіс тәсілдері» тақырыбындағы облыстық және республикалық семинарда мектептің зерттеуші педагогтері орыс тілі пәні мұғалімі Ж.Мансурбаева және математика пәні мұғалімі Ғ.Ермекбаева өз тәжірибелерімен бөлісіп, облыстық білім басқармасының Алғыс хаттарымен марапатталды.
2023-2024 жылы Әл Фараби атындағы шағын жинақты негізгі орта білім беретін білім ұясында аймақтық семинарда озат тәжірибелерімен бөліскен педагогтар бастауыш сынып мұғалімдері А.Қожабекова, С.Жаманбекова марапатталды.
Осы жылы диретордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Қожабекова Ұстаздар күніне орай Құрмет қағазымен және бағалы сыйлықпен марапатталды.
LESSON STUDI жобасы бойынша аймақтық мектептер арасында тәжірибе алмасу мақсатында ресурстық инновациялық орталық жұмыс жасайды. Модератор Ғ.Ермекбаеваның ұйымдастыруымен жас мамандардың кәсіби біліктілігін дамыту және іс -әрекеттерін реттеу мақсатында жұмыс жүргізілуде.
Осы оқу жылында «Шәмші әндер» байқауына қатысқан бастауыш сынып мұғалімі А.Қожабекова 1-орынмен марапалды.
«Жас жұлдыздар» байқауына қатысқан жеті оқушы жүлделі орындармен марапатталып, жетекшілері А.Омирова мен А.Буриева Алғыс хаттармен марапатталып, Дубайға жолдама алған.
2024-2025 оқу жылында «Цифрлы педагог » облыстық байқауда озат тәжірибесімен бөлісіп, дербес педагогикалық әрекетінде цифрлық технологияларды шығармашылық тұрғыда қолдануы мен тың идеяларын ұсынуда ізденімпаздық пен тапқырлық танытқаны үшін орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ж.Мансурбаева 1-дәрежелі дипломмен марапатталды.
Осы оқу жылында аудандық семинарда математика пәні мұғалімі Ғ.Ермекбаева өз тәжірибесімен бөліскені үшін Алғыс хатпен марапатталды.
Осы оқу жылында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Қожабекова екінші санаттағы басшының орынбасары біліктілік санатымен куәлік берілді.
«Жұлдыз болғым келеді» халықаралық байқауға қатысқан екі оқушы жүлделі орынға ие болып, жетекшісі Ж.Мансурбаева Алғыс хатпен марапатталды.
2024-2025 оқу жылында Әл Фараби атындағы шағын жинақты негізгі орта білім беретін білім ұясында біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Ұлы ғұлама Әл Фарабидің мерейтойына» орай «Әл Фараби әлеміне саяхат» тақырыбымен облыстық деңгейде өткен семинарда озат тәжірибелерімен бөліскен педагогтер Е.Куранов, Ж.Мансурбаева, А.Қожабекова, Е.Жаркынбеков, Ғ.Ермекбаева, Ж.Маликов, М.Қожабеков, А.Асылбекова, Н.Мамбетова Құрмет қағаздарымен марапатталды.
2024 жылы С.Жаманбекова бастауыш сынып мұғалімдері арасында өткен пән олимпиадасынан 1-орынмен марапатталды.
Аудандық инновациялық орталықтар арасында өткен аудандық семинарда»Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі нәтижеге бағытталған білім беру негізі» бағытындағы «Жасанды интеллектті оқытуда қолдану» тақырыбындағы авторлық жұмысымен бөлісіп, тәжірибе таратқаны ұшін орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ж.Мансурбаева Алғыс хатпен марапатталды.
Осы оқу жылында орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ж.Мансурбаева Астана қаласында өткен «TEACHERS SUMMIT» , «NOVEL FEST» қатысып, өз тәжірибесін толықтырып, сертификатталды. Осы жылы «Қазақстанның Алтын кітабы» энциклопедиясына енді. Озат педагог Ж.Мансурбаеваның еңбегі еленіп, 2025-2026 оқу жылында «Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.
«Абай оқулары» халықаралық байқауда жүлделі орын алғаны және шәкірт дайындағаны үшін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Мансурбаева Құрмет қағазымен марапатталды.
Білім ұясында 16 педагог еңбек етеді.
Зерттеуші -педагог-5
Сарапшы -педагог-4
Модератор- педагог-3
Педагог-4
Сонымен бірге, осы мектепте балалардың қауіпсіздігіне, тазалық жұмыстарына жауапты 17 техқызметкер еңбек етеді.