
Директордың қызметтік міндеттері
Мектеп директоры Куранов Ерболат Куатович
Сарыағаш ауданы Әлімтау ауыл әкімшілігі
Тасқұдық елді мекенінде 1984 жылы 14- тамызда өмірге келген.
Тасқұдық елді мекенінде орналасқан №43 Әл Фараби мектебінде
9 жылдық орта білім алған.
2001-2006 жылдар аралығында Шымкент қаласындағы
М.Әуэзов атындағы ОҚМУ де тарих, география пәні мұғалімі мамандығы
бойынша жоғары білім алып шықты.
2004 жылы № 43 Әл Фараби атындағы шағын жинақты негізгі орта мектебіне
психолог болып, еңбек жолын бастаған.
2017-2022 жылдар аралығында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
қызметін атқарып, 2019-2021 жылдар арасында директордың қызметін қоса атқарған.
Педагог- сарапшы.
2022 жылғы аудандық пән олимпиадасының жүлделі орын иегері.
Аудандық, облыстық семинарлардан Алғыс хаттарға, Құрмет қағаздарына ие.
Отбасылы. 6 перзенттің әкесі.